2021 жылы 30 наурызда Новоишим а. («Құлагер» ДШСК және АТК спортзалында) 2004 т.ж және одан кіші ұлдар арасында футзал бойынша Н.В.Ляшконы еске алуға арналған ашық аудандық турнир өтті. Турнирге 17 аудандық команда қатысты (Нежинка ОМ, №2 Новоишим ОМ, №1 Новоишим ОМ, Новоишим қазақ ОМ, Тоқсан би ОМ, Привольное ОМ, Шұқыркөл ОМ, АТК, Бірлік ОМ, Володарское ОМ, Ломоносовка ОМ, Урожайное ОМ, Возвышенка ОМ, Калиновский ОМ, Рузаевка ОМ, Тахтаброд ОМ, Новоселов ОМ) жалпы 150-ден астам оқушыны қамтыды. Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын — №2 Новоишим ОМ
2 орын — ATK
3 орын — Нежинка ОМ
Жеңімпаздар мен марапатталушылар дипломмен және медальмен марапатталды!
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен АТК-ны спорт залдарымен қамтамасыз еткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз !!!
Қаралым саны: 371