2021 жылы 16 наурызда «Құлагер» ДШСК спорт залында үстел теннисінен 2004—2006 т.ж, 2007—2010 т.ж, 2011т.ж және одан кіші жаста ұлдар мен қыздар арасында ауданның жеке біріншілігі өтті. Жарысқа ауданның 9 мектебінен 40—тан астам оқушылар қатысты: Раисовка ОМ, №2 Новоишим ОМ, Пески ОМ, Ялты ОМ, №1 Новоишим ОМ, Червонный ОМ, Новосел ОМ, Новоишим қазақ ОМ, Андреевка ОМ. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
2004—2006 т.ж жас тобында
ұлдар арасында: 1 орын — Минвалиев Вадим (№1 Новоишим ОМ), 2 орын — Сейтжанов Арман (Раисовка ОМ), 3 орын — Онищенко Владимир (№ 2 Новоишим ОМ)
қыздар арасында: 1 орын — Жумагулова Диана (Червонный ОМ), 2 орын — Догодькина Арина (Ялты ОМ), 3 орын — Евич Виктория (Ялты ОМ).
2007—2010 жас тобында
жас жігіттер арасында: 1 орын — Муратов Мирас (Пески ОМ), 2 орын — Митрофанов Валерий, 3 орын — Митрофанов Кирилл (Раисовка ОМ оқушылары).
қыздар арасында: 1 орын — Дехтярук Надежда, 2 орын — Ярош Карина, 3 орын — Муратова Камила (Пески ОМ оқушылары).
2011 жас тобында және одан кіші
ұлдар арасында: 1 орын — Шостик Максим (Пески ОМ)
қыздар арасында: 1 орын — Волкова Эвелина (№2 Новоишим ОМ), 2 орын — Султанова Амина, 3 орын — Султанова Даяна (Червонный ОМ оқушылары).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды !!!
Қаралым саны: 374